Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына қарасты 6636 әскери бөліміне Қостанай және Ұлытау облыстарынан 55 сарбаз келіп қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Болашақ Отан қорғаушылар алдымен бөлімнің командалық құрамымен және әскери бөлімнің тарихымен танысты.

Жас сарбаздар бір айлық курстан өтіп, негізгі оқу пәндерін меңгереді. Сабақтарды ең тәжірибелі және жоғары дайындыққа ие офицерлер мен келісім шарт қызметкерлері өткізеді.

Мен Отан алдындағы борышымды өтеу үшін Қостанай облысынан келдім. Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының борышы деп санаймын. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшісі деген атақты абыроймен арқалауға тырысамын. Жыл тез өтеді, ең бастысы, ол пайдалы өтеді деп үміттенемін, — деді жас сарбаз Асылбек Төлепов.

Жас сарбаздар курсынан өтіп, әскери ант қабылдаған соң, ұландықтар әскери бөлімнің бөлімшелеріне бөлініп, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылғы мен әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы