Бүгiн 2026, 17:17 Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы онлайн-кеңесшінің орнына ЖИ-көмекшіні іске қосты

Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz сайтында AI Stat виртуалды ЖИ-көмекшісі тесттік режимде жұмыс істей бастады.

Жаңа сервис «Онлайн-кеңесші» бөлімін алмастырды және пайдаланушылар үшін қолжетімді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа AI Stat Бюро қызметінің бағыттары бойынша кеңес береді, статистикалық ақпаратты табуға көмектеседі.

"Онлайн кеңесшінің" орнына тест режимінде “AI Stat” виртуалды ЖИ көмекшісі жұмыс істей бастады. Ол Ұлттық статистика бюросының қызмет бағыттары бойынша кеңес береді, статистикалық ақпаратты іздеуге, статистикалық нысандарды толтыруға көмектеседі, БСН бойынша тапсыруға нысандардың тізбесін ұсынады, сайт бойынша техникалық қолдау көрсетеді және 1446 байланыс орталығына өтініштерді жіберуге мүмкіндік береді. AI Stat тест режимінде жұмыс істеп жатыр, сіздің сұрақтарыңыз виртуалды көмекшінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сұрақтарыңызды  қойып, нақты уақыт режимінде жауап алыңыз, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Айта кетейік, сервис тесттік режимде жұмыс істеп тұр. Бюро өкілдері атап өткендей, пайдаланушылардың белсенді сұрақ қоюы сервистің функционалын жетілдіруге және жауаптардың сапасын арттыруға көмектеседі.