Ұлттық сараптамалық алаң құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптамалық алаң қоғамның пікірін билікке жеткізеді. Осылай деген Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары алғашқы жиын өткізді, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Институт директоры Еркін Тұқымов «Ғылым. Пікір. Саясат» жобасы тәуелсіз талқылау жүргізетін ашық алаңға айналатынын жеткізді. Сарапшылар алдағы уақытта өңірлердегі қоғам белсенділерімен ашық талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Келесі кездесуді Алматы қаласында өткіземіз. Одан кейін Петропавл, Ақтау, Өскемен қалаларына барамыз. Мақсат – аймақтағы тұрғындардың мәселесін тыңдап, жағдайға баға беріп, саралап, билікке жеткізу, – деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы