Ұлттық сараптама алаңының кезекті отырысы өтті
Алматыда "Қазақстандағы реформалар: негізгі жетістіктер мен даму бағыттары" тақырыбында КИСИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT Ұлттық сараптама алаңының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сарапшылар қысқа мерзім ішінде елдің саяси құрылымында елеулі өзгерістер болғанын баяндады. Саяси жүйенің либерализациясы, Парламент рөлінің күшеюі және билікті орталықсыздандырыу үрдісін атап өтті.
КИСИ GPS алаңында жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, ғылыми қауымдастық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сарапшылылар саяси жаңғырудың негізгі жетістіктерін, экономикалық және әлеуметтік реформалар саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарды талқылады.
Ұлттық міндеттерді шешуде және реформалардың басымдықтарын анықтауда басты рөл атқаратын, мемлекет. Сондай-ақ азаматтық қоғам және сарапшылар арасындағы пікірталас алаңы – Ұлттық құрылтайдың рөліне ерекше назар аударылады. Осыдан бірнеше күн бұрын Бурабайда өткен құрылтайдың соңғы отырысы осы үдерістің маңызды кезеңі болды, - деді Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов.
Сондай-ақ реформалардың тиімділігі, алдағы даму жолдары айтылды. Ұлттық құрылтайда ұсынылған Ішкі саясат тұжырымдамасы, коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заңнамалық өзгерістер жасалған. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау, цифрландыру бағдарламалары мен мемлекеттің жалпы болашақтағы дамуы талқыланды.
Сондай-ақ сот саласың реформалары өлім жазасына тыйым салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары да қозғалды.