Ұлттық құрылтай құрамына танымал журналистер қосылды

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Ұлттық құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы