Ұлттық құрылтай өткізуге Бурабай дайын
Бүгін Щучинскте IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында секциялар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық Құрылтайдың басты мақсаты – қоғамдық консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.
Бүгін Ұлттық құрылтай отырысы аясында төрт секция өтеді.
Олар:
- Азаматтық қоғам
- Мәдениет. Өнер. Рухани
- Білім және ғылым
- Әлеуметтік-экономикалық даму
Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі – әр өңірден, әртүрлі саладан жиналған құрамы. Онда ғылым, білім, медицина, мәдениет, спорт саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдері, еңбек және құқық қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ қоғам белсенділері мен жастар қозғалысының жетекшілері бар. Бұл халық демократиясы мен жасампаз плюрализмнің үлгісі ретінде қоғамның кең ауқымды пікірі мен мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді.