Ұлттық құрама Азия чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Ұлттық құрама Азия чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан құрамасы Сингапур астанасында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 10-шы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы командалық сында Қытай гимнастары топ жарса, күміс медаль Жапония құрамасының еншісінде.

Бұл біздің Ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі. Осылайша, қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды, - делінген хабарламада.

Жүлде алған команда сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы