Ұлттық құндылықтар мен рухани даму бағытындағы жаңа пән енгізгім келеді – Қарақат Әбден

Бұл туралы «Ұлттық альянс» қоғамдық ұйымынан президентікке кандидат Қарақат Әбден телевизиялық дебат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Құрметті отандастар! Мен ел Президенті айқындалатын додаға әлеуметтік бағыттағы бағдарламамен қатысып отырмын. Бағдарламамды қазақ үшін қастерлі ұғым – шаңырақтан тарқатамын. Сол шаңырақтың астындағы баланың, әке мен шешенің, ата мен әженің бақуатты өмір сүруін мақсат еттім. Бар байлығымыз, өміріміздің бар мәні – балалар. Ендеше отбасының әлдилеген сәбиі мен әлпештеген баласына келесі игіліктер жасалады: тегін орта білім беру мәселесін біржола шешу, мектеп балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, оқушыларымызға бос уақытында таланты мен қабілетін жүзеге асыратын жағдай жасау, оларды тегін қызмет көрсететін мекемелер желісін кеңейту. Мектеп бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен рухани даму бағыттарында тәрбие беретін жаңа пән енгізу, - деп атап өтті Қарақат Әбден. 

Елдің ертеңі – жастар екендігін алға тартқан кандидат оларға жағдай жасағысы келетінін айтты. 

Тұрғынүй алуға, пәтер алуға арналған ақшалай сертификаттар жүйесін енгізу, - деді президенттікке үміткер. 

Еске сала кетейік, «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан телевизиялық дебат өтіп жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы