«Ұлттық құндылық – рухани күш» кеші өтті

«Ұлттық құндылық – рухани күш» Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын қортындылау кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы және Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық – рухани күш» Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын қортындылау кеші өтті.  

Республикалық Оқушылар сарайында өткен салтанатты шараға Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығы директоры Асылбек Байжұмаұлы, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Айгерім Молдабаева, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының Басқарма төрағасы Аслан Ғафуров, т.б. мекеме, ұйымдардың басшылары, журналистер және жастар мен мектеп оқушылары қатысты.

Игі шарада, Орталықпен бірлесе отырып, Мемлекеттік рәміздерге қоғамның құрметін қалыптастыру мен патриоттық сезімді насихаттауға үлес қосқан әр сала мамандары марапатталды. Олардың қатарында БАҚ өкілдері, журналистер, мектеп ұжымдары, мәдениет орталықтары, өнер қайраткерлері бар. 

Сонымен бірге, Халықаралық «Абай» қорының Басқарма төрағасы Аслан Қабылбекұлы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, рәміздерді насихаттауға үлес қосқан Ж.Мәлібекұлы, Б.Қайратұлы, М.Азбанбаев бастаған бірқатар ғалымдар мен елге белгілі азаматтарға «Абай» төсбелгісін табыстады.

Шараның мақсаты Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын қортындылау, өскелең ұрпаққа рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, қоғамда патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы дәріптеу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы