Ұлттық қорға жыл басынан бері қанша түсім түскені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов  Үкімет отырысында айтты.

Ақпанда жалпы халықаралық резервтер 87,5 млрд долларға дейін 161 млн долларға өсті, оның ішінде алтынвалюта резервтері – алтын бағасының өсуіне байланысты 33,5 млрд долларға дейін 132 млн долларға өсті.Ұлттық қордың активтері ақпанда 53,9 млрд доллар болды. Ақпан айында бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 510 млн доллар сатылды, - деді Пірматов. 

Ол атап өткендей, Ұлттық қорға жалпы түсімдер осы жылдың басынан бастап 925 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,5 есе жоғары. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 533,5 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға ұлғайып, 13,6 трлн теңгені құрады. Осы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 534,2 млрд теңгені құрады. Осы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша инфляция 1,5% болса, кірістілік 4,0%, ал нақты кірістілік 2,5% болды, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы