Ұлттық қорға салатынымыздан, алатынымыз көп – Сүлейменов

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ға өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері рекордтық 107,2 млрд долларға жетті. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан рекордтық мән – 44,5 млрд долларға немесе 23,6%-ға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 4,5%-ға ұлғайып, 62,7 млрд доллар болды. Ұлттық қордың түсімдері мен алымдарының балансы теріс қалыптасып келеді. Яғни алымдар түсімдерден асып жатыр. Бұл жағдайда қор қаражатының өсімін қолдап тұрған жалғыз фактор – инвестициялық табыс. Ол 9 айда 10,27%, яғни 6,16 млрд долларға жетті, - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы 1 доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға аздап нығайғанын айтады. Алайда, жылдың басынан бері 5,8%-ға әлсіреген.

Трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн доллар валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлттық банктің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алуының валюта нарығына ықтимал теріс әсерін теңестіру аясында біз 241,5 млн долларын саттық, - деді Сүлейменов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА архив
Өзгелердің жаңалығы