Ұлттық қордың инвестициялық кіріс көлемі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтері өскен.

Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері желтоқсан айында 404 млн АҚШ долларына артты. Осылайша, 2021 жылдың соңында 55,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бірінші кезекте былтырғы қарашада «Омикрон» штамының анықталуына байланысты нарықтарда айтарлықтай түзетулер болғанын атап өту қажет. Алайда желтоқсанда нарыққа қатысушылар ауқымды локдаундар тәжірибесі болуы себепті барынша оптимистік көзқараста болды. Нәтижесінде желтоқсанның қорытындысы бойынша қаржы нарықтарында қалпына келу байқалды, - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол ұлттық қордың кірісіне тоқталды.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі желтоқсанның қорытындысы бойынша оң болып, 916 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, қарашада 368 млрд теңге көлемінде кепілдік берілген және нысаналы трансферттер бөлу мақсатында валюта нарығында 839 млн АҚШ доллары сомасына активтер сатылды.  Жалпы, республикалық бюджетке трансферттерді алу аясында Ұлттық қордың активтері 2021 жылы 3,4 млрд АҚШ долларына төмендеді, - дейді Әлия Молдабекова.

Сондай-ақ өткен жылы Ұлттық қордан үшін 9,6 млрд АҚШ долларына валюталық активтер сатылған. Бұл  4,5 трлн теңгеге бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін жасалыныпты. Қорға шетел валютасында түсетін түсімдер бір жылда 3,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы