Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті – Ұлттық банк төрағасы
Бұл туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептеріне қатысты Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2023 жылы жаһандық экономиканың баяулағанына қарамастан еліміз макроэкономикалық баланысты жақсарта алды. Экономикалық қарқын өсіп, инфляция айтарлықтай төмендеген.
Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті. Былтыр 6,2 млрд доллар мөлшерінде немесе жылдық 11,4% рекордтық инвестициялық табыс таптық. Алтын-валюта резервтері 1 млрд долларға жуық өсіп, 36 млрд долларды құрады, - деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық Банктің басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 17,8трлн теңгеге дейін 3,2 трлн теңгеге ұлғайған.
Инвестициялық кіріс көлемі1,6 трлн теңгені құрап, бір жылда 76%-ке немесе 690 млрдтеңгеге өсті. Өткен жылы зейнетақыактивтерінің кірістілігі 10,1% деңгейіндеқалыптасты, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тайландтан пошта арқылы үш қорап есірткі келген
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы