Ұлттық қордан алынатын қаражатты 2 есеге қысқартамыз – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

 Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы маңызды. Ол 2013 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы уақыттың ішінде 1700-ға жуық жоба іске асырылды, 150 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 11%-дан 14%-ға ұлғайды. Жалпы өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 6 есе өсіп, 17 тлрн теңге болды. Экспорт 1,7 есе өсті, осы салаға негізгі капиталға құйылатын инвестиция 4 есе өсті, - деді Смайылов.

Премьер-министр атағандай, өңдеу өнеркәсібінен бюджетке түсетін жалпы салықтық түсімдер 5 есе өсіп, 2 тлрн теңге болған.

Жалпы мемлекеттік бюджеттің түсімдері өсіп жатыр. Мысалы, республикалық бюджеттің түсімдері былтыр 12%-ға өссе, биыл 40%-ға өсті. Осылайша, біз келесі жылы Ұлттық қордан алатын кепілдендірілген трансфертті 2 есеге қысқартамыз, - деді Үкімет басшысы.

Смайылов атағандай, шығыстың тиімділігін арттыру бойынша Үкімет жүйелі шараларды іске асырып жатыр. 

Бюджет шығыстары стратегиялық мақсаттарға сай болуы керек. Мемлекеттік органдардың дербестігін арттырып, Ұлттық қордың қаражатын үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысының өсу қарқынын шектеу көзделіп отыр, - деді Смайылов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы