Ұлттық қор – балаларға: Шотындағы қаржысынан көп ақша шешіп алуға өтініш бергендер болған
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте “БЖЗҚ” АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасының қорытындысы жайлы ақпарат бергенде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18 жасқа толған соң нысаналы жинақтар БЖЗҚ-ға түседі. Кәмелетке толған азамат жинақты қандай мақсатта және қашан пайдаланатынын өзі шешеді. Ол үшін екінші деңгейлі банктен шот ашып, онлайн түрде өтініш жібереді. Өтініш тексеріледі, - деді ол.
Айтуынша, оны БЖЗҚ тексереді. Егер барлығы дұрыс болса, онда қаражат белгіленген банктегі шотқа аударылады.
Бүгінгі мәліметтер бойынша кейбір азаматтарымыз шотындағы ақшадан көп ақшаға өтініш берген. Ол тексерілмейді немесе байқалмай, өтіп кетеді деген ойлар болған шығар... Бірақ ондай өтініштер қабылданбай, қайтарылды, - деп түсіндірді Мұрат Шәріпов брифингте.
Бұған дейін БЖЗҚ өкілі бүгінге дейін қанша бала бағдарламаға қатысқаны және оларға қанша доллар аударылғаны жайлы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауған соғысының ардагерлеріне 200 мың теңгеден беріледі
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы