"Ұлттық қор – балаларға": Әр балаға қанша теңге аударылатыны белгілі болды

2026 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша әр балаға шамамен 130 доллар аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, аталған сома алдын ала есепке негізделген және Ұлттық қор активтерінің инвестициялық кірісіне, сондай-ақ жыл қорытындысындағы макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты нақтылануы мүмкін.

Алдын ала есеп бойынша 130 доллар әр балаға беріледі, – дейді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы үй алатындарға кеңес берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы