"Ұлттық қор - балаларға". Алматы қаласында қанша баланың шотына ақша аударылды
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 585 641,64 АҚШ долларына 5 845 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды), деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 263 664,90 АҚШ долларына 2 634 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 321 976,74 АҚШ доллары көлеміне 3 211 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтар үшін БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% жыл сайын Қазақстан Республикасының 18 жасқа дейінгі барлық жастағы бала азаматтары арасында бөлінеді.
НЖШ-дағы қаражат тұрғын үй жағдайларын жақсарту және БЖЗҚ-мен тиісті келісімдер жасасқан уәкілетті операторлар арқылы білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалануға арналған. Олар АҚШ долларында сақталады. Нысаналы жинақтарды алушылар кәмелетке толғаннан кейін оларды көрсетілген мақсаттарға пайдалана алады.
Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор - "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ.
Нысаналы жинақтарды білім алу ақысын төлеу үшін "Отбасы банкі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі"АҚ екі уәкілетті операторы арқылы пайдалануға болады.
Енді Алматы қаласы бойынша қанша баланың шотына ақша түсті, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мен білім алуға қанша бала қаражат аударғанына тоқтала өтсек.
Алматы қаласы бойынша 666 443 балаға 66 990 850 доллар қаржы аударылған.
Енді балалардың жасы бойынша жеке тоқталып өтсек
1. 2023 жылғы - 50 827 балаға - 5 109 130 $
2. 2022 жылғы - 52 495 балаға - 5 276 797 $
3. 2021 жылғы - 55 003 балаға - 5 528 902 $
4. 2020 жылғы - 48 546 балаға - 4 879 844 $
5. 2019 жылғы - 41 692 балаға - 4 190 880 $
6. 2018 жылғы - 35 583 балаға - 3 576 803 $
7. 2017 жылғы - 34 747 балаға - 3 492 768 $
8. 2016 жылғы - 35 306 балаға - 3 548 959 $
9.2015 жылғы - 34 501 балаға - 3 468 041 $
10.2014 жылғы - 34 345 балаға - 3 452 359 $
11. 2013 жылғы - 32 847 балаға - 3 301 780 $
12. 2012 жылғы - 32 054 балаға - 3 222 068 $
13. 2011 жылғы - 30 636 балаға - 3 079 531 $
14. 2010 жылғы - 30 633 балаға - 3 079 229 $
15. 2009 жылғы - 30 356 балаға - 3 051 385 $
16. 2008 жылғы - 31 483 балаға - 3 164 671$
17. 2007 жылғы - 28 768 балаға - 2 891 759 $
18. 2006 жылғы - 26 621 балаға - 2 675 943 $ қаржы аударылған.
18 жасқа толған 26 621 баланың есеп шотына 2 675 943 доллар қаржы аударылған екен.
Ал енді Алматы қаласы бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша талдап көрсек.
2024 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша БЖЗҚ-ға тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша 103 өтініш келіп түскен екен. Оның ішінде орындалған (өтініш берушілердің банктік шотына аударылды) өтініш саны – 74. Сомасы - 7 432,76, БЖЗҚ-ға қайтарылған өтініш саны – 1, сомасы - 100,52 доллар.
Алматы бойынша білімге қанша өтініш түскеніне тоқталсақ.
БЖЗҚ-ға келіп түскен өтініштер саны – 269
Өтініш берушілер саны – 180
орындалды (өтініш берушілердің банктік шотына аударылды) - 18 074,86
БЖЗҚ-ға қайтарылған өтігіштер саны – 5, оның сомасы- 502,28
Осы бағыт бойынша ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуді ерекше атап өтуге болады. Бұл ретте 269 052,22 АҚШ долларына 2 684 өтініш орындалды. Танымалдығы бойынша екінші орында - білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (38 762,64 АҚШ долларына 386 өтініш орындалды), үшінші орында - шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (9 539,52 АҚШ долларына 95 өтініш орындалды).
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бұл сома Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс алуы есебінен ұлғайып отырады. Бұған қоса, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыра береді және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024ж. - 6 919 131 бала (қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар) 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талап сомасы есептелген.
Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап алуға болады.
Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады.
18 жасқа 2024 жылы толатын отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады.
Балалардың жасы және республика өңірлері бөлінісі бойынша жасалған есептеулерге қатысты статистикалық есептер enpf.kz сайтына орналастырылады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.