Ұлттық қор - балаларға. Алғашқы төлемдер түсе бастады

Қазақстандықтарға "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер түсе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарламаға қатысқан балалардың арнайы шоттарына 100,52 доллар түскен.

Баланың ЖСН-ін сәйкес бөлімге енгізу арқылы kids.enpf.kz сайтындағы балалардың шоттарында қаражаттың бар-жоғын тексеруге болады.

Ұлттық қор - балаларға - Қазақстанның азаматы болатын барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% есептелетін болады. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Есепті жылы барлық балалар қаржыны бірдей мөлшерде алады.

Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептелетін болады және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толған тұлғалар жинақтарды екі мақсатқа - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуге пайдалану құқығына ие болады.

Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы