«Ұлттық қор – балаларға» – әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам - Нұрқатова
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ стратегиялық талдау тобының жетекшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елбасының бүгінгі Жолдауындағы жаңалық – жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына 2,5 пайызбен несие беру және оқу үлгеріміне қарай студенттерге 30 пайыздан 100 пайызға дейін жеңілдіктер беру болды. Әрине, бұл ата-ана, оқушылар және оқу орындары арасындағы жауапкершілікті қайта бөлуге қатысты болмақ. Бірақ жастарды қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын игермеуге байланысты қатерлер бар екенін жасырмау керек. Мемлекеттік органдар бүгінгі жастардың сұраныстары мен аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, іске асыру механизмдерін нақты және мұқият әзірлеуі керек. Неге десеңіз бұл табыстың төмендігі мен мемлекеттік шаралардың әлсіз тартымдылығына байланысты жастарға несиенің ауыртпалығы сияқты кері әсер тигізуі мүмкін, – деді ол.
Сарапшы Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық саясаттың мақсаты – азаматтардың әл-ауқатының инклюзивті өсуі екенін, ал оған жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, барлығына бірдей тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, ұлттық табысты әділ бөлу арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.
Әр отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланылғаны үшін нақты қайтарым алуы керек. Бүгін, 1 қыркүйекте Елбасы мүлде жаңа «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске қосты. Бұл – әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларды мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтаушы есепшоттарына аудару жоспарланып отыр. «Ақылды» жинақтаушы электронды әмиянға дер кезінде қосылады, өйткені жиналған ақша үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады, – деді Ләззат Нұрқатова.
Оның сөзінше, кезектен тыс сайлау циклі биліктің өкілді органдарының үлгісін жаңарта түседі.