14 Мамыр 2025 2025, 13:36
Фото: - архив
Ұлттық қор 1 айда бірден 606 млрд теңгеге артты
Ұлттық қор 4 ай ішінде алғаш рет өсім көрсетті – бірден 606 млрд теңгеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ kursiv.media-ға сілтеме жасап.
Ұлттық қор 4 ай ішінде алғаш рет өсім көрсетті – бірден 606 млрд теңгеге артты, деп хабарлайды BAQ.KZ kursiv.media-ға сілтеме жасап.
2025 жылғы сәуірдегі мәлімет бойынша, Ұлттық қорда 33,49 трлн теңге жинақталған. Бір айдың ішінде қордың көлемі 606 млрд теңгеге немесе +1,84%-ға өсті. Қор қаражатының өсімі биыл қаңтар айынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.
Өсімге валюталық активтер де (+578,7 млрд теңге), теңгелік активтер де (+27,3 млрд теңге) үлес қосты.