Бүгiн 2026, 12:29
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нүркен Алишев
Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Үш айда жүздеген жемқорлық фактісі әшкереленді
Үш айда 175 іс сотқа жетті.
2026 жылдың ақпан-сәуір айларында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркеді.
Ведомство мәліметінше, анықталған фактілердің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану қылмыстарына қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды. Тергеу нәтижесінде 198 қылмыстық іс аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған.
Аяқталған істер бойынша анықталған материалдық залал көлемі 4,2 млрд теңгені құрады.
Бұл бағыттағы жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.