Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруды тапты
2024 жылғы 6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы