Ұлттық психология. Өкпе неге «қара қазандай» болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі психолог-маман Нұргүл Молдабайқызымен кезекті сұқбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ұлттық психологияға талдау жасауда бұған дейін де бірнеше сұқбат өткізген болатынбыз.
Бұл жолғы әңгіме қазақ халқының адам тәніне қатысты айтылатын тұрақты сөз тіркестерінің психологиялық астарына талдау жасау болды.
Халқымыз, «қуыс кеуде», «көр көкірек», «арқасүйер болды», «қолы ұзарды», «қолқанатқа жарыды», «белі қайысты», «өкпесі қара қазандай болды», т.б. адамның көңіл күйі мен сезімін білдіретін тұрақты тіркестерді жиі қолданады.
Психолог Нұргүл Молдабайқызы осы тіркестердің психологиялық мәнін ашып, қазақтың әр сөзінің астарында терең мағына жатқанын түсіндіріп береді.
Әлемде өз тәніне қазақтай терең үңілген, терең мән берген халық жоқ шығар. Әр сөзінің астарында психологиялық мән жататын ұлтымыздың көңіл-күйге қатысты айтылар кез келген тұрақты сөз тіркесі психология ғылымы, күні бүгін зерттеп келе жатқан адами құбылыстарға толы, – дейді психолог.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байбек Талдықорған және Қапшағай тұрғындарымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы