Ұлттық паркте сібір тау ешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсті
Іле-Алатау паркіне қарасты жабайы табиғатты қорғау және есепке алу жұмыстары аясында фототұзаққа ерекше кадрлар түсірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Парктің қызметкерлері жануарлар жиі жүретін жерлерге камераларды орнатып, парк тұрғындарының өмірінен сирек сәттерді түсіріп алды.
Фототұзаққа сібір тау ешкісі мен жабайы қабан түсті. Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады, - деді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы