Ұлттық паркте құқық бұзғандарға 640 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бақылау-инспекциялық қызмет шеңберінде 2 992 рейд жүргізіліп, 44 құқық бұзушы қылмыстық, 655 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылды және оларға 640 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді ол.

Комитет өкілінің сөзінше, ерекше қоғалатын табиғи аумақтарда экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заңсыз шөп шабу мен мал жаю, орманды қалдықтармен ластау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды.

Салық кодексіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруі үшін төленетін ақыны автокөліктерден алу мүмкіндігін көздейтін тиісті өзгерістер еңгізілді. Елімізде жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрумен қатар, оның территорияларын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта Үстірт қорығының аумағын 600 гектарға ұлғайту жоспарда бар, - деп айтты Тұрғамбаев брифингте.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында «Жайық орманы» резерваты құрылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы