ULTTYQ ÓNIM: Алматыда қазақстандық өндірушілер көрмесі өтеді

5-7 мамыр аралығында «Атакент» ҚІЫО 11-ші павильонында отандық тауар өндірушілердің Ulttyq ÓNIM көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрме барысында лотерея, азық-түлік дегустациясы, сән көрсетілімі, семинар, тренингтер өтеді. Көрме қонақтары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін кәсіпкерлердің ең үздік тауарларын өз бағасына сатып ала алады.

Бұл азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық химия, жабдық, құрылыс материалдары және т.б. Көрмені «Даму» қоры @funddamu Алматы қалалық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы