Ұлттық нейрохирургия орталығында дәрілік заттардың проблемасы мен келешегі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

«Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығымен» бірлесіп өткізген жиында елдегі дәрілік заттарды пайдаланудың проблемалары мен келешегі талқыға түсті. 

Сонымен қатар ТМД елдері арасында алғашқы орталықтандырылған госпитальдық фармацияны енгізу тәжірибесі ұсынылды. Аталған тәжірибе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи пациентке бағдарланған, дербестендірілген моделі екені белгілі.  

Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Төлепбергенова орталықта дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Ұлттық н0ейрохирургия орталығында Госпитальдық фармация бөлімі ашылған. Онда дәрілік заттарды орталықтандырылған дайындау және дербестендірілген бөлу жүргізіледі. Арнайы оқытылған персоналдың болуы мен бақылаудың қос деңгейіне қол жеткізе отырып, дозаны есептеу кезінде де, препаратты дайындау кезінде де қателердің туындау мүмкіндігі жоққа шығарылады. Клиника үшін фармакотерапия құнын төмендету орталық  үшін де маңызды артықшылық болып табылады. Яғни бұл дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану деген сөз, - деді Айгүл Төлепбергенова.

Ғылыми талқылауға еліміздің 200-ден клиникалық фармаколог, фармацевт, провизор мамандары, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар қатысты. Одан басқа шетелдік әріптестер Ұлыбритания, Қытай және Оңтүстік Кореяның медициналық ұйымдарындағы дәрі-дәрмектерді басқару жүйелерімен таныстырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы