7 Наурыз 2023 2023, 16:50
Фото: Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы
Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.
Тальго этнопойызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.