Ұлттық музейде жаңа көрме ашылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай «Дала кескіндемесі: Рәміздер, бояулар, бейнелер» атауымен көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайлы BAQ.KZ тілшісі.

Көрме экспозициясы Ұлттық музейдің қорларынан жинақталған. Көрмеге көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар қойылған.

Көрмеде танымал өнер шеберлерінің жұмыстары, сондай-ақ жас авторлардың заманауи туындылары бар. Көрмеге келген қонақтар барлығы 50 автордың 250 туындысымен таныса алады.

Көрмеде Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайлов, Орал Таңсықбаев, Салихитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайлова, Камил Муллашев және басқа да көптеген суретшілердің жұмыстарын көруге болады.

Бұл көрме Ұлттық музейдің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеге ұлттық музейдің жауһарлары қойылып отыр. 156 қылқалам шеберлерінің 200-ден аса туындылары көпшіліктің назарына ұсынылады. Көрменің мақсаты қазақ бейнелеу өнерінің тарихын, даму үдерісін көрсету. Ұлттық музейде 14-тен аса коллекция бар. 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы, - дейді Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов.

Көрме «Қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер», «Табиғат бейнелері – алуан түрлі пейзаждық мотивтер», «Қазақстан өнеріндегі суретші әйелдер», «Қазіргі заманғы өнер – жаңа есімдер» сияқты тақырыптық аймақтарға бөлінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы