Ұлттық музейде "Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты көрме ашылды
Ұлттық музейде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден "Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.
Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерінмен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.
Сондай-ақ белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындаға қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға Сенат пен Мәжілістің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы