Ұлттық музейде халық суретшісінің көрмесі ашылды
Ұлттық музейде Қазақстанның Халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Экспозиция еліміздің жетекші музейлері қорындағы 50-ге жуық туындыдан құралған. "Туған өлкенің пейзаждары" және "Еңбек пен құрмет: еңбек адамдарының портреттері" атты екі тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар суретшінің туған жерімен және оның адамдарымен терең байланысын көрсетеді.
Көрменің ашылуына суретшінің жақындары, өнертанушылар мен мәдени қайраткерлері қатысып, оның мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі туралы ой бөлісті.
Көрме келушілер үшін 8 желтоқсанға дейін ашық болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы