"Ұлттық киім" күні. Полиция қызметкерлері сайысқа түсті

«Ұлттық киім» күніне орай Астана қаласы Полиция департаменті полиция қызметкерлерінің арасында ауқымды байқау өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байқауға қатысқан полиция қызметкерлері ұлттық киім киініп қана қоймай, оны ерекше таныстырды. Байқаудың мақсаты да сол қазақи құндылығымызды кеңінен дәріптеу.

Сайысқа қатысушы “Есіл” ауданының полиция департаментінен байқауға қатысқан қатысушылар наурыз тойын көрсетіп, киімдердің шығу тарихы мен жасалу жолын түсіндірді.

Байқау нәтижесінде қоғам қайраткерлерінен құралған әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы