Ұлттық кеңес мүшелері халықты үйде отыруға шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің мүшелері, соның ішінде Жәнібек Қожық, Асхат Садырбай, Ерлан Саиров, Айнұр Сәбитова, Дәурен Қуат, Арман Қашқынбаев, Төлеутай Рахымбеков және т.б. әлеуметтік желілерде барлық қазақстандыққа үйде қалуға үндейтін бейнежазбаларды жариялап жатыр.
Белгілі қоғам қайраткерлері азаматтарды карантиннің талаптарын сақтап және билік өкілдерінің нұсқамаларын орындауға шақыруда.
Мұның алдында, бір топ қоғам қайраткерлері, Ұлттық кеңес мүшелері пандемия мен экономикалық дағдарыстың жағдайында президенттің қабылдаған шешімдерін қолдайтындары туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Естеріңізде болса, елімізде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланған болатын. Қытайда тараған коронавирус індетін елімізде 300-ге жуық адам жұқтырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы