«Ұлттық идеология және дін»: 12 ғасыр бойы дін үшін бөлінбеген қазаққа қазір не болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұрақтың жауабын «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті шығарылымынан таба аласыз.  

Сұхбат барысында белгілі дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанмен дін мәселесіндегі бір-бірімізді қабылдай алмау, сыртқы атрибутикаға мән беру және бізді біріктіретін құндылықтар жөнінде сөйлестік. Қонағымыз қоғам санасы өркениеттік санаға көтерілу үшін қандай кезеңдерден өтетіні туралы ой өрбітті.  

Сонымен қатар, спикермен зайырлы мемлекет деген қандай мемлекет екенін, ондай мемлекетте бір дінге басымдық беру-бермеу жағдайларын қарастырдық. Дінтанушы бір дінге басымдық берген дамыған елдердің тәжірибесімен бөлісті. Діндегі радикалды бағытпен қалай күресу керек, бұл мәселеде заңнамалық тұрғыдан қандай реттеулер қажет екенін айтты. 

Кеңшілік Тышқан сұхбатта жақында қызу талқыға түскен орамал тақырыбын Үкімет пен халық тарапын ескере отырып талдады. Осы орайда қазіргі кезде дінді адамның Құдаймен қарым-қатынасы деп қана қарастырудың неліктен қиын екеніне тоқталды.

Сондай-ақ ол дәстүрлі дін деген не, бабаларымыз Исламды қалай түсінді, қазіргі адам үшін діндарлық деген не, заманауи діндар қандай болу керек, исламды қорқыту арқылы насихаттау дұрыс па, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты имамдардың уағыз айтудағы қателіктері қандай, олар халықтың қажеттілігін қамтамасыз ете алмауының себебі неде деген өзекті сұрақтарға жауап берді.   

Әрине, ұлттық идеология ұғымын қалай түсінетінін, мемлекет оны қалай жүзеге асыру керегін, идеология не үшін қажет екенін және ұлттық колоритті жоятын дүниелер қандай салдарға апарып соғатынын да айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы