Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді.

Аталған іс-шара 2022 жылдың 30 шілдесінде ҰҒОО-ның Консультативті-диагностикалық орталығында өтеді.

ҰҒОО жоғары білікті дәрігерлері өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерінің алдын-алу және ерте диагностикалау мақсатында 18 жастан асқан барлық қызығушылық танытқан науқастарға сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлік кеңестер өткізеді.

Іс-шараға қатысу үшін алдымен онколог маманының, абдоминальды хирургтың қабылдауына жазылу керек. 

Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік пен алдыңғы қарап-тексерулердің медициналық қорытындылары болуы керек (бар болған жағдайда).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы