Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды.
Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында туған.
Білімі: 1983 ғалым агроном біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1977 жылы Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бөлімінде комбайнер көмекшісінен бастаған.
1983 ж. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген.
1983 ж. В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қатардағы лаборант болып қабылданды.
1984 ж. күндізгі аспирантурасына оқуға түсті.
1986 – 1997 ж.ж. В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ төрағасы, аға ғылыми қызметкер, ғылым бойынша директордың орынбасары лауазымдарында қызметтер атқарды.
1997 – 2002 ж.ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс атқарды.
2002 – 2005 ж.ж. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды.
2007 ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице - министрі.
2008 – 2011 ж.ж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.
2011 – 2020 ж.ж. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2020 жыл тамыз айы – 2022 жылы қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.
2022 жылы 1 қарашада «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына тағайындалды.