Ұлттық ғылым академиясының академиктері сайланды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
- Ақшолақов Серік Қуандықұлы;
- Локшин Вячеслав Нотанович;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
- Здоровец Максим Владимирович;
- Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы;
- Сұраған Дүрбідхан;
- Тұрыспеков Ерлан Кеңесбекұлы
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы