Ұлттық экономика өсімі: Жан басына шаққанда – 15 мың доллар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономикамыз 6 пайыздан астам өсті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл – елімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Жалпы, ойдағыдай жұмыс істелді деуге болады. Бірақ, мен барлық мемлекеттік қызметшілерге тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын үнемі айтамын. Шығыс халықтары «Тегіс жолдың өзінде тосқауыл бар» дейді. Біз тынымсыз еңбектеніп, тек алға ұмтылуымыз керек. Оның үстіне, түйіні тарқатылмаған түйткілдер аз емес, - деді Президент сұхбат барысында.

Мемлекет басшысы 2025 жылы шынымен де айтулы оқиғалар аз болмағанын алға тартты. Сондай-ақ, жылдың басты қорытындысы реформаларды жүзуге асыру бастамасы қолға алынғанын жеткізді.

Еліміздің реформаларды жүзеге асыруға біржола бет бұрғанын өткен жылдың басты қорытындысы деуге болады. Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ коллажы
Өзгелердің жаңалығы