Ұлттық экономика министрлігі: Алдағы 3 жылда республикалық бюджеттің шығыстары ұлғаяды

Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджет саясатының кіріс базасын толықтырудың жаңа көздерін жинақтау және бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру бағдарын ескере отырып айқындалды. Республикалық бюджеттің кірістері 2023 жылы биылғы нақтыланған жоспардан 37%-ға өсумен ішкі жалпы өнімге қатысты 11,5% деңгейінде болжанады. Жоспарлы кезеңде олардың 2025 жылға қарай 17,2%-ға өсуі күтілуде. Республикалық бюджетке қосымша түсімдер кіріс базасын кеңейту және салықтық әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша Үкіметпен қабылданып жатқан шаралар есебінен қамтамасыз етілетін болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, алдағы 3 жылда республикалық бюджеттің шығыстары ұлғаяды. 

Республикалық бюджет шығыстары 2023 жылғы 21,0 трлн теңгеден 2025 жылы 22,6 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды деп болжанып отыр. Ішкі жалпы өнімге қатысты олардың 2023 жылы 17,4%-дан 2024 – 2025 жылдары 16%-ға дейін төмендеуі болжанады. Контрциклдік бюджет қағидасын қолдану республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын жоспарлы кезеңде жалпы ішкі өнімге қатысты 16,4% деңгейінде тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, - деді Әлібек Қуантыров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы