Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық экономика министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Туған жылы: 1983 жыл
Туған жері: Атырау қаласында туған
Білімі: Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
2005-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жж. — Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
2013 ж. — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2019 жж. — Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.