Ұлттық экономика министрі Давоста бірқатар кездесу өткізді
Ұлттық экономика министрі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық экономика министрі Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Әлібек Қуантыров Carlsberg group-тың бас директоры Якоб Оруп-Андерсенмен, «Vestas Wind Systems A. S.» аға вице-президенті Мортен Дирхольдпен және Schneider Electric компаниясының атқарушы вице-президенті Маниш Пантпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты. ҰЭМ басшысы инвестицияларды қолдау мен қорғаудың тиімді құралдары туралы айтып берді.
«Vestas Wind Systems A. S.» аға вице-президенті және Schneider Electric компаниясының атқарушы вице-президентімен әңгіме барысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Бұған қоса, Қазақстанда өндірісті оқшаулау жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, ҚР-дағы инвесторларға қатысты қабылданатын салық салу мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде Carlsberg group-тың бас директоры елімізде жүргізіліп жатқан салық саясатына, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді акциздеу жұмыстарына оң баға берді.