Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті

Мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті. Жыл сайын ұлттық аспапқа деген қызығушылық артып келеді. 

Мәселен, Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтті.

Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды. 

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті. 

Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды. 

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті өтті, сондай-ақ мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті. 

Қостанай облысында да «Күмбірле,қоңыр домбыра» іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды. 

Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді. 

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы аясында Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы