Ұлттық Банк WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын сатуға шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанды монеталар арқылы таны» монеталар сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталары 2024 жылғы 28 тамыздан бастап сатуға шығарылатынын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монеталар:

- күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған монетаның массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof , номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана.

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated , номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Мельхиор монетаның бейнесі

 

Күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары кәдесый қаптамасында шығарылады. ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық банк
Өзгелердің жаңалығы