Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыу үшін интервенция жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы салдарынан теңгенің айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 500 теңгеден асты. Қазір биржадағы сауда-саттық бір АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етеді, - делінген хабарламада.

ҰБ мәліметінше, Ресми мәліметте еліміздің валюта нарығындағы ахуалға ұқсас жағдай дамушы нарықтардың бәрінде байқалады.

Ұлттық Банк тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізеді. Сондай-ақ валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді. Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіріп, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын, - деп жазылған ҰБ мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы