Ұлттық банк төрағасы ақшасын қай валютада сақтайды
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақшасын қандай валютада сақтайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теңгемен сақтаймын. Шетел валютасында тек 15% бар. Ол қаражат шетелге сапарлағанда қажет, - деп айтты Тимур Сүлейменов.
Ол шетелдік валютада жинаған ақшасы шетелге сапарға шыққанда не болмаса шетелден тапсырыс жасауға қажет болатынын айтты.
Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, статистика халықтың теңгедегі дипозиттері айтарлықтай жоғары екенін көрсеткен. Яғни бұл азаматтарымыздың жиған-тергенін теңгеде сақтайды дегенді білдіреді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Тимур Сүлейменов доллардың неге қымбаттағанын түсіндірді. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырғаны туралы да жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 доллар - 490 теңге: Ұлттық банк неге қымбаттағанын түсіндірді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы