Ұлттық банк сыртқа кететін қаржыға бақылау орнатады

Ұлттық банк сыртқа заңсыз әкетілетін капитал мөлшерін қалай азайтпақ? Сенатта өткен дөңгелек үстелде банк басшысының орынбасары Виталий Тутушкин айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тутушкиннің айтуынша, заңсыз капиталды әкетумен күресте бизнесте әкімшілік кедергілер туындамайды және инвестициялық климатқа тікелей залал келтірмейді. Ол заңғыс капиталға қатысты тиімді съема қарастырылғанын айтады. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл құралдарын валюталық бақылау шараларымен ұштастыратын тетік қолданылады. Осы тетік аясында банктің комплаенс қызметі кез келген басқа қаржылық операциялар сияқты трансшекаралық операцияларды да КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнамаға сәйкес күдіктілігі тұрғысынан зерделеуге тиіс, яғни қаржылық мониторинг рәсімдері шеңберінде клиент пен оның операцияларына нақты талдау жасалады, - деді ведомство басшысының орынбасары.

Валюта заңнамасында ақша алу белгілері бар операциялардың тізімі анықталған. Онымен қоса, операциялар бойынша төлемдерді жүргізу тәртібіне қосымша талаптар белгіленген.

Бұл операцияларды жүргізу үшін банктер валюталық бақылау агенттері ретінде КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес операцияға мониторинг жүргізу және зерделеу рәсімдерін жүргізуге міндетті. Бұдан басқа, мұндай операциялар клиент банктің олар бойынша ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына беруге келісімін берген кезде ғана жүргізіледі. Бұл жаңашылдық осы жылы енгізілген болатын. КЖ/ТҚҚ және валюталық бақылау құралдарын пайдаланудың осындай тетігі ақшаны шетелге шығаруға байланысты күмәнді операциялар жасайтын сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушыларының банк жүйесінен ақша алу және шығару схемаларын кесуге бағытталған. "Күмәнді" компаниялардың төлем жүйелеріне және қолма-қол ақша көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді, - деді Виталий Тутушкин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы