Ұлттық банк өткен жылы 181 жалған банкнотаны анықтады

Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2023 жылы 649 100 теңгеге пара-пар 181 жалған ақша белгісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз (1 237 250 теңгеге парапар 391 жалған ақша белгісі).

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан көп жасалатыны белгілі болды: 5000 теңге – 68 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-ы), 2 000 теңге – 58 дана (32%).

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды – 124 дана немесе жалпы санының 68,5%-ы. Қалған өңірлерде 57 дана немесе жалпы санының 31,5%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады.

2000 теңге

Жалған банкнота және шынайы банкнота

Ультракүлгін сәуле астында

Жалған және шынайы банкнота

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық банк
Өзгелердің жаңалығы