18 Тамыз 2026, 21:15 Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады

Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.

Коллекциялық монеталар ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы 2026 жылғы 19 тамыздан сатыла бастайды.   

Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.

Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 35х45 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуғаұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.