Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

Ұлттық банк «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және «Сиқырлы нышандар» сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коллекциялық монеталар ҚҰБ интернет-дүкен арқылы сатылады. ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, ал FATIMA QOLY 28 қарашада айналысқа шығады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI коллекциялық монеталары 

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

Монетаның бейнесі

FATIMA QOLY коллекциялық монеталары 

FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – «Сиқырлы нышандар» сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.

Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.

Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы