Ұлттық банк инфляцияның төмендеп, теңгенің нығайғанын айтты
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Қазақстандағы инфляция шілде айында жылдық мәнде 14,0%-ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғарғы 26,2%-дан 13,5%-ға дейін жылдық мәнде екі еседей баяулады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция мен сервистік инфляция 15,0%-ға және 13,6%-ға бәсеңдеді. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі – жылдық 16,75%. Кезекті шешім осы жылдың 25 тамызында қабылданады, – деп мәлімдеді Тутушкин.
Сонымен қатар Тутушкин теңгенің 3,6%-ға нығайғанын айтады.
Биыл шілде айының аяғында теңге бағамы 1 доллар үшін 445,89 теңгеге дейін немесе қаңтар-шілде айларында 3,6%-ға нығайды, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр экономикалық көрсеткіші жоғары өңірлерді атады
Өзгелердің жаңалығы